Аталмыш іс-шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақстаның құрметті жазушысы» атағының иегері Көсемәлі Сәттібайұлы, сондай-ақ Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров қатысты.
Патриоттық кеш аясында Талас ауданының соғыс және еңбек ардагерлеріне, ордендермен марапатталған тыл еңбеккерлеріне арналған фото-галерея жасақталып, көрме-инсталляциялар ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
Кітапхана оқырмандары «Әдеби монтаж» форматында соғыс туралы өлеңдерін оқыды. Кітапханашылардың қатысуымен «Майдан және махаббат», «Соңғы хат», «Ана туралы жыр» сахналық көріністері қойылып, «Соғыс болмаса екен», «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген», «День Победы», «Журавли» патриоттық әндер шырқалып, «Смуглянка» биі орындалды.
Іс-шара «Атамекен» әнін хормен орындаумен түйінделіп, қонақтарға ерекше рух пен әсер сыйлады.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




