Аталған іс-шара Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде өтті. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 4 аялдама, 12 тапсырманы орындау бойынша жүргізілді.
Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп отырды. Әр аялдамада балалар пазл, сканворд құрастырып, түрлі логикалық тапсырмаларды қызыға орындады. Солай балалар ұшқыр ой, зеректіліктерін, шапшаңдықтарын танытты.
Ойын барысында қазынаны тауып, берілген тапсырмаларды орындады. Негізінде аталған тапсырмаларға жасырынған сұрақтар да ақынның өмірі, шығармашылығы мен оның өлең-жырлары қамтылды.
Сондай-ақ, ақынның сөзіне жазылған «Атамекен», «Жалқаубек», «Өз елім» сынды әндер орындалды. Нәтижесінде ІІІ орынды «Дәл солай», ІІ орынды «Зиги-заги», І орынды «Экипаж» командалары иеленді. Қатысушыларға кітапхана тарапынан арнайы диплом және сыйлықтар табысталды.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлы дала абызының жырлары поэзия марафонында оқылды
- 12 наурыз, 2026
Алғашқы қоғамдық алаңдардың біріне айналды
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




