Осындай елді мекендердің бірі – Талас ауданындағы Үшарал ауылы. Мұнда қазіргі таңда заманауи өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Бекет төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге қажетті арнайы техникамен, байланыс құралдарымен және тәуліктік кезекшілікті атқаруға қолайлы жағдайлармен жабдықталады.
Құрылыс жұмыстары төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің үйлестіруімен жүзеге асуда. Барлық жобалар бекітілген үлгілік-сметалық құжаттама негізінде, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызмет ету талаптарына сәйкес жүргізіледі. Құрылысты қаржыландыру толығымен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде өңірлік биліктің азаматтардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін көрсетеді.
Айта кетсек, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы – мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жұмысы арқылы елдің ең шалғай ауылдарының тұрғындары үшін нақты қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынының айқын үлгісі. Үшарал ауылында өрт сөндіру бекетінің салынуы жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен қауіпсіздік деңгейін көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Қырық жасында қыруар іс тындырған қарымды қаламгер еді...
- 15 қаңтар, 2026
Барын бағалай білмегенге бақ қонбайды
- 15 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




