10 шілдеде 112 пультіне облыс орталығында техникалық қызмет көрсету стансасы аумағында дүңгіршек өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар небәрі 20 минуттың ішінде жалынды толықтай сөндірді.
Зардап шеккендер болған жоқ. Осы күні Тараз қаласында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 80 шаршы метр алаңды шарпыған жалынды сөндіру кезінде үй ішінен газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды. 11 шілде күні қаладағы тағы бір жеке тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысты шарпыған отты сөндіру кезіндегі өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері қызыл жалынның таралуын және ықтимал ауыр зардаптарды болдырмауға мүмкіндік берді.
Отты сөндіру барысында көлемі 50 литрлік газ баллоны сыртқа дер кезінде шығарылып, ықтимал жарылыстың алды алынды. Өткен жексенбіде Қордай ауылындағы жанармай құю стансасында жеңіл автокөлік өртенген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер автокөлік пен үш жанармай құю колонкасын жалын шарпығанын анықтады. Олардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




