«Бүгін таңнан суық хабар жетті..
Таңғы сағат төртте 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Иә, сағат тілі қасиетті жұмаға қарай ауғанда соңғы демі үзілді.
Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр сырқаттан қайтқаны жайлы хабарды ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады.
Биыл қазақ әдебиетінің алыптары, кезінде інілері болып соңынан ерген асыл ағаларым – Дулат Исабеков (20.12.1942 - 21.02.2025), Темірхан Медетбек (06.05.1945 - 10.05.2025), енді міне, Исраил Сапарбай (15.05.1941 - 18.07.2025) бірінен соң бірі өмірден өткені менің жаныма қатты батып, жүрегім ауырып отыр. Алапат қайғы санама енді ғана жеткендей күй кешіп отырмын. Сол Кеңсайға, алыптардың қасына енді Исраил ағам да кетіп бара жатыр.
Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасымен бірге ағамыз қатты ауырып жатқанда, ауруханаға барып, үнемі хабар алып тұрдық. Соңғы барғанымызда күбірлеп, ақырын өз өлеңін оқып жатты...
Аса көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында қаншама әндері, лағылдай поэзиясы, мәңгі өлмес өлеңдері қалды. Жазған пьесалары М.Әуезов театрынан бастап еліміздің бірнеше театрларында сахналанып, отты жырлары өз оқырмандарын тауып, әсем әндері миллиондардың жүрегіне жетіп, қазақ аспанында қалықтап тұр», – деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




