Іс-шара барысында «Ерлік даңқы мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған библио - графиялық шолу жасалды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жамбылдықтардың ерлігі туралы мәліметтер ұсынылып, майдан даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен батырлар жайында естеліктер айтылды.
Кешке Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны, 102 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шанбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы, өлкетанушы Бекқұлы Әліұлы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай құттықтау бейнежолдауларын ұсынды.
Іс-шара аясында Мәншүк Мәметованың өміріне арналған «Батыр Мәншүк» атты композициялық көрініс қойылып, кітапхана қызметкерлері «Ананың хаты» монологын және «Батыр Мәншүк», «Ән сал, сарбаз!», «Жеңіс күні» атты патриоттық әндерді орындады. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандары Мұқағали Мақатаевтың «1941 жыл, ақпан», Мұхтар Шахановтың «Ғайша жеңгей», Жамбыл Жабаевтың «Соғысты біз сүймейміз, ел жылатқан» атты өлеңдерін тебіреніспен оқып, көрерменге патриоттық рух сыйлады.
Aq jol-Аqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




