Қазақ тілінде білім алу, жұмыс жасау, ғылыммен айналысу, кәсібін дамыту – барлығы да мүмкін болып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялар мен интернет дәуірінде қазақ тілінің жаңа қырлары ашылуда.
Қазақ тілінде сапалы контенттердің, фильмдер мен бағдарламалардың көбеюі халықтың қызығушылығын арттырып, тілді күнделікті өмірдің бөлшегіне айналдыруда. Мемлекеттік тілді білу – бұл тек міндет емес, ол – мәдениеттілік пен зиялылықтың белгісі. Қазір көптеген жастар әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізіп, аудиториясын көбейтуде. Бұл – тіліміздің дамуы мен беделінің артуының жарқын көрінісі.
Қазіргі заманда қазақ тілін қолдану – заман талабына сай дамыған тұлғаның көрінісі. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы біз тарихымызды, мәдениетімізді, дәстүрімізді сақтап қана қоймай, әлемдік аренада өзімізді дербес ұлт ретінде танытамыз. Қазақ тілі – болашағы жарқын, дамуға қабілетті, терең мағыналы тіл. Оны дамыту – әрбір азаматтың парызы әрі абыройы.
Аяулым ӘДІЛ,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы
Ұқсас жаңалықтар
12 наурыздан бастап айыппұл «автопилотқа» көшеді
- 5 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




