Мемлекеттік кірістер органдары мен Шекара қызметінің бірлескен шаралары нәтижесінде Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінің жасырын бөлігінде 198 мың қорап «Oris» хабарланбаған темекі анықталды.
Темекі бұйымдарында акцизделетін өнімге арналған сәйкестендіру белгілері болмаған. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жіберілді.
Қазақ-қырғыз шекарасында тауарлардың заңсыз өткізілуінің алдын алу бойынша Мемлекеттік кірістер органдары мен Шекара қызметінің бірлескен шаралары жалғасын табатын болады.
Гүлнұр АБДАЛИЕВА
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




