– Ұлттық ұлан офицері қатарына қосылған құқықтық тәртіп әскерінің келбетін қалыптастырушы жас офицерлер, үлкен өмірге қадам басуларыңыз құтты болсын! Бүгінгі таңда офицерлік құрам заманға сай білікті, білімді әрі өз ісінің шебері болуы тиіс. Ұлттық ұлан офицерлерінің бойында осындай қасиеттер бар. Десе де, жеке құрамды басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ол үшін өздеріңдей жас түлектер табанды еңбек етіп, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруы керек, – деді генерал-майор.
Жас лейтенанттар Тараз, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Талдықорған қаласында және Алматы облысы Алатау қаласындағы Заречный ықшам ауданында орналасқан әскери бөлімдерде автомобиль және тыл қызметінің бастығы, рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, взвод командирі лауазымдарында қызмет атқаратын болады. Сондай жас офицерлердің бірі – Зуридин Саутов.
– Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Ұлттық ұлан офицері атану – тек әскери шен емес, бұл – халықтың сенімін ақтау, мемлекеттің тыныштығы үшін қызмет ету деген сөз. Алғашқы офицерлік қызметімді 6698 әскери бөлімінен бастағалы отырмын. Мемлекеттің көрсетіп жатқан қамқорлығына ризашылығымды білдіргім келеді. Қоғамдық тәртіпті сақтап, Отан игілігі үшін лайықты қызмет етуге әрдайым дайынмын, – дейді лейтенант.
Қызмет орындарына аттанбас бұрын Ұлттық ұлан Академиясының түлектері үшін оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында түлектердің қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, жалпы әскери жарғылар, әскери педагогика мен психология, техникалық және дене дайындығы бойынша білімдері мен машықтары тексерілді. Бұл кезең олардың кәсіби қызметке толық дайын екендіктерін бағалауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, биыл Ұлттық ұлан Академиясын 200-ге жуық түлек бітірді. Қазақстандық түлектермен бірге Тәжікстан Республикасының төрт өкілі де диплом алған.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




