
«Әжемнің ертегілері» жобасына үлес қосқан әжелер марапатталды
Бұл жоба – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, халық ауыз әдебиетін ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған игі бастама. Балаларымыз ертегі тыңдау арқылы рухани әлемін байытып, әжелеріміздің шексіз мейіріміне бөленіп келеді. Ол әжелердің барлығы дерлігі зейнет жасындағы ұстаздар. Олар үшін бала тәрбиесі – өмірлік мәні десек, қате айтпаймыз. Сондықтан да биылғы оқу жылының соңын әжелерге алғысты жеткізу үшін Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы «Ақ әжеме алғыс» атты марапаттау рәсімін ұйымдастырды.
Іс-шараны орталық директоры Жасұлан Әбдіхалық ашып, балаларға ертегі айтудың маңызы зор екенін жеткізді. Сондықтан да ертегіні айтатын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін әжелерімізге де жағдай жасап, марапаттап тұрудың да керектігін айтты.
Бұл іс-шараға облыс бойынша жергілікті жерлердегі аналар кеңесінің төрайымдары мен балабақшаларда ең көп ертегі оқыған әжелеріміз шақырылды. Оларды облыстық аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова бастап келіп, оқу жылы ішінде атқарылған жұмыстарына да тоқталды. Иә, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы аға буын өкілдерін ынталандыру, ұзақ өмір сүруіне себепші болу ниетімен 2025 жылы өз жұмыс бағыттарының бірі ретінде дәл осы ертегі оқитын әжелермен бірлескен жұмысты бастаған болатын.
Бұл әжелеріміздің үлкен жұмысына кішкене болса да өз тарапымыздан көмек көрсету екенін де еске салған жөн. Аталмыш іс-шараға әжелерге өз алғыстарын ән шашумен жеткізу үшін Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері – мәдениет майталмандары Бақыт Шағырбаев, Торғын Орынбаева, Айгүл Мақашова ақ жаулықты аналар туралы халықтың әндерін орындаса, Нұрлатбек Әзімбаев «Ерке сылқым» күйін тартты.
Ең есте қалғаны бұл күйге ақ жаулықты әжелеріміздің бірі Айжан Өтешованың халық биін билеп, өнер көрсетті.
Расында, ертегі айту арқылы бүлдіршіндерді бағыт пен тәрбиенің үлкен мектебінен өткеріп жүрген ақ әжелерімізге алғыс айтып, қошемет көрсету жылдың қай мезгілінде болмасын артық етпейді.
Назым ҚОЖАМАРОВА,
Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының бөлім меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
«Жазғы кітапхана» – жанға азық
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді