
Аталған байқауға облысымыздан 5 оқушы қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Іс-шараға жамбылдық оқушылар құрамасын облыстық «Жамбыл – дарын» практикалық- тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Ақмарал Естемесова бастап барды.
Нәтижесінде Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі диплом және алтын медаль, қаржылай сертификатымен «Абайдың ақын шәкірттері» аталымы бойынша Байзақ ауданы №1 гимназиясының 8-сынып оқушысы Жібек Алламберген, «Абайдың асыл мұрасы» (Абай өлеңдері мен қарасөздері) аталымы бойынша Шу ауданы, Кенен Әзірбаев орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айман Аралбай, «Әнді сүйсең, менше сүй» (Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау) аталымы бойынша Тараз қаласы, №37 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дарын Ербол топтан дара шығып, жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» (оқушылар өз өлеңдерін жатқа оқу) аталымы бойынша Талас ауданы, Алғабас орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жансая Тоқбай, «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» (Абай туралы көркем туындыларды толық білу, талдау) аталымы бойынша Арунай Тоқтағұлова екінші орыннан көрінді.
Осылайша, Жамбыл облысы командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Яғни, Абай Құнанбайұлына арналып, Абай облысында өткен республикалық іс-шарада Жамбыл облысы топ басынан табылды.
«Бұл Жамбыл облысы үшін өте жоғары жетістік. Командадағы 5 оқушымыз да үмітті ақтады. Осы оқушылардың мектептегі мұғалімдеріне, жетекшілеріне, ата-аналарына алғыс айтамын, – дейді аталған орталық директорының орынбасары Ақмарал Тұрсынбекқызы.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
«Жазғы кітапхана» – жанға азық
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді