
Білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті филиалының төрағасы Ержан Шалимбетовтың айтуынша, ойынның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын насихаттау, еңбек адамына деген құрметті арттыру, кәсіподақтың ғасырлық тарихымен таныстыру және қатысушылардың зияткерлік әлеуетін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту. Сондай ақ, командалық рухты қалыптастыру, кәсіби ынтымақтастықты күшейту.
Зияткерлік дода «Викторина» – тарихи танымдық сұрақтар, «Медиа» – бейнематериалдар негізінде, «Қара жәшік» – логикалық сипаттағы тапсырмалар, «Тақырып» – салалық сұрақтар, «Қисын» – қисынды ойлау тапсырмалары және «Зерек» – зейін мен ептілікке негізделген номинациялар бойынша өрбіді. Ойын тартысты да қызықты жағдайда өтті. Білім қызметкерлері білім бәсекесінде аянып қалған жоқ. Барын ортаға салып, өздерін білімділік пен парасаттылық қырынан көрсете алды.
Сайыс жеңімпазсыз болмайды. Байқау қорытындысында Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің «ШЕБЕРЛЕР ШОҚТЫҒЫ» командасы «Зияткер зымыран», Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының «BM STARS» командасы «Квиз жұлдызы», Айша бибі атындағы орта мектебінің «САНА СЕРПІНІ» командасы «Ойлы жандар», №1 орта мектебінің «NUMBER ONE» командасы «Факт шебері», М.Әуезов атындағы орта мектебінің «IQ MINDS» командасы «Миға шабуыл» номинацияларымен марапатталды. Ал жүлделі орындарға ие болған командалар өздерін зияткерлік додада бар қырынан көрсете алды.
Сонымен байқау қорытындысында Т. Тоқтаров атындағы орта мектебінің «ЗЕРЕК» командасы ІІІ орынды, Жасөркен орта мектебінің «Q BRAIN» командасы ІІ орынды иеленді. Ал Гродеково орта мектебінің «IQSTARS» командасы І орынды және ойын кубогын қоса жеңіп алды. Интеллектуалдық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға мол әсер мен рух берді.
Мұндай іс-шаралар еңбек адамына деген құрметті арттырып қана қоймай, педагогтер арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, шығармашылық шабыт пен кәсіби өсуге серпін береді.
Жүлдегерлерді аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Абдирасилова мен білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті филиалының төрағасы Ержан Шалимбетов арнайы дипломдармен марапаттады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Өлеңі – өмірі»
- Бүгін, 05:40
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді