Әр адамның өмірдегі миссиясы бар. Бірі білім берсе, енді бірі Отан қорғайды, ал келесілері адамның денсаулығына шипа берумен айналысады. Ал Дина Мұратқызының миссиясы – зардап шеккен адамдарға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету арқылы өмірлерді құтқару, құтқарушылардың денсаулықтарын дұрыстауға тікелей атсалысу.
Дина Мұратқызы 2014 жылдан бастап жедел-құтқару жасағында қызмет етіп келеді. Құтқару жұмыстарының ең ауыр сәттерінде де оған медициналық білімі мен тәжірибесінің зор көмегі тиді. Ол медициналық көмекті жылдам әрі нақты көрсету арқылы әріптестері мен зардап шеккен азаматтардың сеніміне ие болған жан. Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді эвакуациялау және олардың жағдайын бақылау сияқты маңызды міндеттерді жоғары деңгейде орындайды. Оның басты міндеттерінің бірі – құтқарушылардың денсаулығын үнемі бақылауда ұстап, кез келген тәуекелдің алдын алу.
Білікті маман күн сайын арнайы медициналық тексерулер жүргізіп, қызметкерлердің жалпы жағдайын бақылап отырады. Физикалық және психологиялық күйге тұрақты мониторинг жасау арқылы әріптестерінің қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Төтенше жағдайлардың алдыңғы шебінде жүретін құтқарушылардың денсаулығы – олардың қауіпсіздігі мен қызмет сапасының кепілі.
Дина Мұратқызының жұмысы тек кәсіби міндет қана емес, жанашырлық пен мейірімділіктің көрінісі. Ол әрбір қызметкердің жағдайына жіті мән беріп, аурудың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Иммунитетті күшейту, дұрыс тамақтану, еңбек пен демалыс тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану – оның күн тәртібіндегі басты тақырыптар. Динаның еңбегі көзге көрінбейтін, бірақ өте маңызды бағыттағы тынымсыз жұмыстар қатарына кіреді. Құтқарушылардың саулығын сақтау арқылы білікті медбике адам өмірін құтқаруға мүмкіндігінше үлес қосып келеді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




