Бұл жоғары марапатты саналы ғұмырын медицинаға және адам өмірін сақтап қалуға арнаған Бақытжан Пернебайұлының бірнеше жылғы адал еңбегінің жемісі деуге болады. Оның кәсіби жолы – өз ісіне деген шынайы беріктіктің, жоғары жауапкершілік пен халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі. Басшы ретінде ол облыста медициналық көмектің заманауи әдістерін, соның ішінде эндоскопиялық хирургияны енгізіп, емдеу сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға ықпал етіп келеді.
Бақытжан Пернебайұлы жұмысында жаңа технологияларды белсенді қолданумен қатар, жас мамандармен тәжірибесін бөлісіп, олар үшін үлгі тұтарлық тәлімгер, еңбекқорлық пен кәсібиліктің жарқын бейнесі бола білді.
Білікті дәрігер көпжылдық тәжірибесі мен мол біліміне қарамастан үнемі өзін дамыту үстінде – білімін жетілдіріп, медициналық тәжірибеге жаңашыл тәсілдерді енгізуде. Оның өмірлік жолы – үнемі даму, өз кәсібіне адалдық және халықтың денсаулығына деген терең жанашырлық жолы.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
«Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – басты назарда»
- 26 ақпан, 2026
Тауар белгісін тіркеу жеңілдетілді
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




