3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
- author «Ақ жол»
- 19 маусым, 2025
- 361

Осынау мәміленің арқасында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын іске асыру жоспардан бір жыл ерте – 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арналарымен қамтамасыз етілмек. Осылайша, жоба 2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99 пайызын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді таяу арада мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, бюджеттік ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық кіру нүктелері мен мемлекеттік шекаралардағы 40-тан астам өткізу бекеттері желіге қол жеткізе алады.
Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық және жерсеріктік арналар арқылы желіге қосады. Сондай-ақ ауылдық жерлерде ұялы байланыс базалық станциялары үшін инфрақұрылым күшейтілмек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, бұл нысандарға дейін жеткізіп талшықты-оптикалық желіні төсеу мобильді интернет пен байланыстың сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
– Біз өңірлерді дамытуға тең жағдай жасайтын цифрлық іргетас қалап жатырмыз. Міндетіміз – ауылдарды интернетке қосумен қатар, елді мекендерді елдің цифрлық экожүйесіне енгізу. Бұл – білім алу, медицина, мемлекеттік қызметтерге тең дәрежеде қолжеткізудің негізі. Инфрақұрылым тұрақты және ашық түрде жұмыс істегенде, шағын бизнес, ауыл мектептері мен жастарға арналған жаңа кәсіптік бағыттарды дамытуға жол ашады, – деді Жаслан Мәдиев.
Жобаға құйылған бюджеттен тыс инвестициялардың жалпы көлемі 239 миллиард теңгеден асады. Бұл «Қазақтелеком» АҚ ірі телекоммуникациялық инфрақұрылымын пайдаланудың арқасында іске асқан. Осыған сәйкес енді өз елді мекеніңіздің интернетке қосылу техникалық мүмкіндігін telecom.kz/ru/auylonline сайтынан тексеруге болады.
– Ең бастысы – білім алу, өзін-өзі дамыту мен заманауи технологияларды пайдалануда ауылдағы бала мен қаладағы баланың мүмкіндіктері тең дәрежеде болуы тиіс. Біз цифрлық теңсіздікті жоюды еліміздің түкпір-түкпірінен, шалғай жатқан ауылдардан бастадық. Интернетке қол жеткізу – көптен бері сән болудан қалды, бұл халықаралық деңгейде, оның ішінде БҰҰ мен еліміздің Президенті мәлімдегендей, негізгі қажеттілік, – деді өз кезегінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.
Ал облыс әкімдігі цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Шалхар Амантұровтың сөзінше, 2023– 2025 жылдары облыс орталықтарында 5G/ IMT бесінші буындағы ұялы байланысты енгізу жоспары бойынша «Мобайл Телеком Сервис» серіктестігі (Теле2) Тараз қаласында 53 базалық станция орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған серіктестік Тараз қаласында 5G технологиясын дамыту бойынша 32 базалық станцияны іске қосып, жыл соңына дейін 21 базалық станцияны орнату бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізуде.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді