«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе

Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе
Ашық дереккөз
Мемлекеттік қызмет – бұл қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi. Еліміздегі мемлекеттік қызмет қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген.

Әлемдік өркениетте мемлекет ұғымы қоғам өмірінің төрінен орын алады. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметші білуге тиісті негізгі сапалар – жоғары рухани жауапкершілік, жоғары білім және оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде көрсетілген, яғни мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан аса сенім арту деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани-этникалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен жүріп-тұру ұстанымдары барлығына мәлім. Оның абыройы – мемлекеттік билік абыройының бір бөлігі. Халық нақты бір мемлекеттік қызметшінің және биліктің барлық тармағындағы мемлекеттік орган басшыларының жұмысын бағалай отырып, мемлекеттік билікке жалпылай баға береді.

Бұдан мемлекеттік қызметшілерге қандай үлкен жауапкершілік артылғанын аңғаруға болады. Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің шыншыл болуы оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады.

Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек. Қорыта айтқанда, мен қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте жүргенімді мақтан тұта отырып, ерік-жігері мол барлық жастарды мемлекеттік қызмет атқарып, өз халқына адал қызмет етуге шақырамын.

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы қажет деп ойлаймын.

 

Айсана АЛЕКЕШОВА,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы

Ұқсас жаңалықтар