
Мәселен, өзге білім ошақтары секілді Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінде «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастап та кетті. Лагерь жұмысын мектеп-лицей директоры Мәулен Райқұлов өзі қадағалауда. Жазғы сауықтыру лагеріне бірінші маусым бойынша 15 топ құрылып, 400 оқушы қамтылды.
Мақсат – балалардың денсаулығын нығайтып, белсенді өмір-салтына баулу. Мұнда балалар таңғы жаттығу жасау, спорттық ойындар, жүзу, жаяу серуендеу арқылы табиғатпен етене араласады. Әртүрлі үйірмелер мен шығармашылық сабақтар арқылы олардың қабілеттері ашылып, қызығушылықтары дамиды. Балалардың логикалық ойлауын, қиялын, белсенділігін дамыту мақсатында «Ойын LAND», «GREEN тайм», «Болашаққа бағдар», «Жазғы спорттық мүмкіндіктер», «Ауылдағы тамаша күн», «Ұлы дала кереметі» жобалары жоспарлы түрде іске асуда.
«Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагері азаматтық-патриоттық бағытта, дене шынықтыру, сауықтыру бағытында, мәдени-рухани бағытында, технологиялық және инновациялық бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
«Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтар» тақырыбында әр топ салт-дәстүрлерді көрсетті. «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында ұлттық ойындар үйірмесінде тоғызқұмалақ, мойын арқан, асық ату, шекемтас, арқан тарту, түйілген орамал ойындары ойнатылды. Осы орайда, Жазира Рахманбердиева, Ұлбосын Әбілдаева бастаған тәрбиешілердің жемісті еңбегін атап өткен жөн.
Сонымен қатар ұлттық тағамдардың жасалу жолы мен олардың құрамы туралы сабақтар жүргізілуде. Атап айтсақ, оқушылар бауырсақ пісіруді, күбі пісуді, қымыз сапыруды, құрт жасауды үйренді. Және де жүн сабап, қол диірменмен тары түюді, қолөнер үйірмесінде ұлттық оюлар оюды меңгерді. Нәтижесінде әр бала жауапты, тәрбиелі әрі ұлттық рухы мықты азамат болып қалыптасып, түрлі жұмысқа икемі арта түсетіні анық.
– Біз 5-сыныпқа өттік. Мектеп жанындағы лагерьде демалып жүрміз. Мұнда күніне 4 мезгіл тамақ, түрлі ойындар ойнаймыз. Лагерьден жарыстарға қатысып, үйірмелерден сабақ алып, көп нәрсе үйреніп жүрміз, – дейді оқушы Әлихан Бақытбек.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді