
Әбділда Төстікбайұлы ұзақ жылдар бойы облыстық «Aq jol» газетінде жемісті еңбек еткен. Оның қаламынан туған әлеуметтік тақырыптағы мақалалары барша оқырманды елең еткізген. Журналистің маңызды материалдары жоғары сұранысқа ие болып сол уақытта республикалық газеттерде де жарияланып жатты.
Бұл – журналист Ә.Сәрсенбиевтің шеберлігі. Әбділда Сәрсенбиев облыстық тілдерді дамыту басқармасында, облыстық теміржол бөлімшесінде тер төкті. Қай қызметте жүрсе де қолынан қаламы түскен жоқ.
Кейінгі жылдары көз жанарының нашарлауына қарамастан бірнеше публицистикалық кітаптар жазды. Қай кезде де журналистика саласына қызығушылығы бар жас талапкерлерге қолдау білдіріп, ақыл-кеңесін аяған емес.
Бұл марапат Ә.Сәрсенбиев ағамыздың еңбегіне берілген әділ баға деп білеміз. Әбділда Сәрсенбиевті осынау марапатымен құттықтап, деніне саулық, отбасына береке, шығармашылық табыстар тілейміз!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді