Алаңның басты мақсаты – мемлекеттік бағдарламалар туралы, оның ішінде тұрғын үй мәселесі, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие жайлы, қайтарымсыз грант, жастар тәжірибесі және алғашқы жұмыс орны туралы ақпараттар тарату. Ақпараттық кеңес беру алаңына облыстық полиция департаменті мен Әділет департаментінің мамандары, жеке сот орындаушылары, заңгерлер, адвокаттар, «Еңбек мобильдігі орталығы» мансаптық орталығы мен «Отбасы банк» филиалының өкілдері қатысты. Олар келушілердің сауалдарына жауап беріп, нақты кеңестер ұсынды.
– Кеңес беру алаңдарының жұмысы барысында маған жеңілдетілген ипотекалық несие беру мәселелері жөнінде сұрап көптеген азамат жүгінген болатын. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға біз «Нұрлы жер», жастарға «Әулиеата жастары», жұмысшы мамандарға «Наурыз жұмысшы» бағдарламаларын ұсынамыз. Ол жылдық 5 пайызбен және 20 пайыз бастапқы жарна тәртібімен жүзеге асады. Жақында үйленген және алғашқы отбасылық пәтерін алғысы келетін жас жұптардан көптеген сұрақтар туындайды. Біз де оларға да арналған бағдарлама бар. Отбасын құрғандарына бір жыл толмаған жастар соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлкі жоқ екендігі туралы анықтамаларын алып келсе, оларға біршама мүмкіндіктер қарастырылған. Қарыз алушыға тұрғын үй құнының жартысын төлеу қажет, қалған соманы төмендетілген пайызбен ресімдеуге болады, – деді «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы аға кеңесшісі Ардақ Әбдібаева.
Шараға қала тұрғындары, жастар, студенттер, волонтерлер және БАҚ өкілдері қатысты. Мұндай кеңес беру форматындағы кездесулер халықтың құқықтық сауатын арттыруға, мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Альмира КЕРІМБАЕВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




