
Кейіпкеріміздің атасы Камальча Абдрахманов Екінші дүниежүзілік соғыста сержант шенінде бөлімше командирі лауазымын атқарған. Неміс басқыншыларына қарсы қанқұйлы соғыста жаяу әскер сапында Берлинге дейін барыпты. Қуандық Қуатбекұлы 2006-2008 жылдары Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп интернатта білім алады.
Одан әрі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқиды. Әскери оқу орнын үздік бітірген ол бірден әскери қызметке кірісіп кетеді. 2013-2016 жылдары әскери мамандықтарға қатысты «Армия ойындары» халықаралық жарысы шеңберіндегі «Танк биатлоны» сайысына іріктелген Құрлық әскерінің үздік танк экипаждарының құрамында болады. Сондай-ақ Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында ұйымдастырылған әлем чемпионатына бірнеше мәрте қатысады. Қатысып қана қоймай, қазақстандық команданың жүлделі орындарды жеңіп алуына зор үлесін қосады.
Мысалы, «Танк биатлоны – 2014» жарысында экипаж мүшелері 12 шақырымды 21 минут 20 секундта жүріп өтіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізеді. Жалпы, ол халықаралық деңгейдегі бәсекеде жеңімпаз ретінде Қазақстанның көк байрағын сан мәрте желбіретті. Бұдан бөлек әскери қызметкер кең көлемдегі көптеген оқу-жаттығуларда да мол тәжірибе жинақтайды.
Атап өтерлігі, Қуандық Мәскеу қаласындағы Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков атындағы әскери оқу ғылыми орталығында да бес ай кәсіби біліктілігін арттырған санаулы азаматтардың бірегейі. Ол екі баласының да үлкен аталарынан үлгі өнеге алып, жеңістің биік тұғырынан көрінгенін қалайтынын жасырмады.
«Қаһарман қазақстандықтардың жауынгерлік жолын мәңгілік есте сақтау – қасиетті борыш», – деп есептейтін майор Кенжеғұлов Ұлы Жеңістің 80 жылдығының құрметіне арнап хәл-қадірінше өлең жазғанын айтады.
Бақытты жан, баламын мен,
Шырқатып ән сала білген.
Киелі ел, киелі жер,
Ардақты ата-баба жүрген, – деп жырлайды жауынгердің жүрегі.
Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді