«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 4 айына әкімшілік және сот тәжірибесінің нәтижелері

Облыс бойынша  ішкі мемлекеттік аудит  департаментінің  2025 жылдың 4 айына  әкімшілік және сот  тәжірибесінің нәтижелері
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті өз кұзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 722-бабына сәйкес аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша әкімшілік істерді қарап хаттамалар толтырады.

Сонымен, 207-бап бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10 нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

– 250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі-200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады. Департаментпен Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныштылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 810, 811 бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін, бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни Департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.

2025 жылдың 4 айына Департаментте барлығы 93 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 78 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 15 материал сотқа берілген. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 10,5 миллион теңгеге айыппұл салынып, 10,3 миллион теңгесі өндірілді, өндірілген пайызы 98,0 пайызды құрайды, қалған – 235,9 мың теңге өндірілмеген сома мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот орындаушыларға берілді. Департаментпен аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен талап арыз берілген жоқ және Департаментке берілмеген. Департаментпен мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнама нормалары мен талаптардың қатаң сақталуы түсіндірілді.

 

Әмірхан БАЙМАҒАМБЕТОВ,

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар