
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» мекемесінің директоры Серік Әлібековтің айтуынша, Жұмысшы мамандықтары жылына орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері мен ашық есік күндері жиі өткізілуде.
– Еурохим, Таласинвест, Қазпромтемір, Korcem, Қазсода сияқты ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру бағытымен жалпы 442 жұмыс беруші мекемелермен меморандумдар жасалды. Сондай-ақ биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жариялануына байланысты 130-дан астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесін және 100 мекемеде ашық есік күндерін өткізу жоспарланып, облыс бойынша колледждер базасында 89 кәсіпорын, оның ішінде 45 орта бизнес өкілдерінің қатысуымен барлығы 30 ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне барлығы 2040 адам, оның ішінде 405 мектеп оқушыларының қатысуымен, техникалық және кәсіптік білім қатысушыларымен 515, жоғары оқу орындары білімгерлерінің қатысуымен 194 және басқа да 266 кездесу өтті. Сонымен қатар 3 экскурсия, 10 семинар, 12 дөңгелек үстел, 3 шеберлік-класы және тағы сол секілді 7 іс-шара жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтарға арналған 810 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, жыл басынан бері 530 адам жолданды. Жалақының 30 айлық есептік көрсеткіші мемлекет тарапынан төленеді. 18 бен 35 жас аралығындағы және диплом алғанына 5 жылдан аспаған мамандығы бойынша жұмыс жасамаған жұмыссыз азаматтарға арналған 2383 азаматты жастар практикасына жолдау жоспарланып, оған 775 адам жолданды, яғни жылдық жоспар 32,5 пайызға орындалды. Арнайы мамандығы жоқ және ешқандай біліктілікті талап етпейтін 8816 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, бүгінде 8732 адам тартылды. 18 бен 35 жас аралығындағы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтарға арналған 587 адамды алғашқы жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінге дейін 105 адам тартылды, жалақысы 103 мың теңге. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға арналған 1245 адамды «Күміс жас» жобасына жолдау жоспарланып, бұл бағыт бойынша 1083 адам жолданды. Облыс бойынша 826 жұмыс беруші тараптардан 1480 жұмыс орнына сұраныс туындауда. Бұл ретте аталған сұраныс бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізіліп, яғни еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес, биылғы жылы 1315 адамға кәсіптік білім беріп, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша кәсіптік оқыту курстарында 1315 адамды оқыту үшін 412,7 миллион теңге қаралды. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 980 адам оқыту жоспарланып, оған 203 адам оқыту курстарына жолданды. Жұмыс берушілердің жұмыс орнында 335 адам оқытуға жоспарланып, оған маусым айында жолданады. Оқу аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу міндеттемесінен бас тартатындар болса, оқудан шығарылады және білім алушы тұрақты жұмысқа орналаспаған жағдайда келісімшарт талаптарын бұзу дерегі бойынша толық оқу шығыны қайтарылатын болады. Оқу оқыған жұмыссыздарға 43574 теңге шәкіртақы және 15728 теңге жол жүру ақысы қаралған, – дейді Серік Айдарұлы.
Жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген мамандарға арналған курстар Skills.enbek.kz тікелей сілтемесі арқылы немесе электрондық еңбек биржасынан «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы оқуға қол жеткізуге болады. Биыл 3200 адамды әртүрлі мамандық бойынша онлайн оқыту жоспарланып, осы айда 2113 адам оқыған.
– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жеке әлеуметтік санаттарға жататын жас кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жобаға қатысушы сертификат алады және өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алуға үміткер бола алады. Биылға 3250 адамды осы жобаға жолдау жоспарланып, 1553 адам жолданды. Облыс бойынша 1636 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беріледі. Мемлекеттік грант беру жұмыстары қаржыландыру жоспарына сәйкес орындалады. Мүгедектерге арналған субсидияланған арнайы жұмыс орындарына 11 адамды жолдау жоспарланып, бүгінде 4 адам жолданды, – деген Еңбек мобильдігі орталығының директоры Серік Әлібеков жұмыс орындарын құру бойынша атқарылып жатқан істерге де тоқталды.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 192 жоба, оның ішінде 2732 жұмыс орны бекітілген. Осы айда электронды еңбек биржасында облыс бойынша 34 жоба енгізіліп, 161 жұмыс орындары ашылған. 60 мердігер тарапынан жарияланған бос жұмыс орындарының саны 298 бірлікті құраса, оларға 161 адам жұмысқа орналастырылыпты. Жұмысқа орналасқан 161 адамның 34-іне зейнетақы жарналары аударылған.
Биылғы І тоқсанда облыстағы жұмыссыздар саны 26152 адамды құраған. Облыста мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында мекемелерге 101 адамды квота бойынша жұмыспен қамту бекітіліп, 28 адам жұмыспен қамтылған. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушіге 55 жұмыс орны қарастырылып, 35 азамат жұмысқа орналастырылған.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды жұмысқа орналастыру үшін 7 жұмыс орны қарастырылып, 5 азамат жұмысқа тұрған. Елімізде жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы бар. Осы бағдарламамен өзге өңірлерге облысымыздан жыл басынан бері 1 отбасы, 7 адам қоныс аударды. Отбасы мүшелері толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленіп, олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Аталар берген ақ бата...
- 21 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді