
Рахымбай Исатайұлы Қордай ауданы, Қасық ауылында дүниеге келген.1981 жылы Алматы қаласындағы политехникалық университетті бітіріп, Ақтау қаласындағы политехникалық университетте (1981-1987) сабақ берді. 1987-2025 жылдары Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік жоғары техникалық университетінің «Инженерлік бизнес және менеджмент» кафедрасында сабақ беріп, кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Машина жасау және көлік ғылым академиясының» академигі. Сондай-ақ Мәскеу оқу орындары кеңесінің мүшесі, Мәскеудегі «Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдау» қорының бас директоры болып, Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдениетінің гүлденуіне ұзақ жылдар қызмет етіп, үлес қосты. Университет қабырғасындағы 37 жылдық қызметінде мыңдаған қазақ балаларын тәрбиелеп, оларды техникалық білім алуға, өндірісті басқару саласы бойынша жүргізілетін жұмыстарға баулыды.
Жүздеген ғылыми еңбектері жарық көрді. Жұбайы, Сарысу ауданының тумасы, ұлттық «Ана тілі» газетінің Ресейдегі меншікті тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жарқын Өтешовамен бір қыз, бір ұл өсіріп, немерелер тәрбиеледі.
Ағымдағы жылдың 1 мамырында Рахымбай Исатайұлы 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Оның отандық ғылымды дамытуға, техникалық салаға сан мыңдаған жастарды баулып, сапалы білім, саналы тәрбие беруге қосқан өлшеусіз үлесі ешқашан ұмытылмайды.
Жамбыл облысы әкімдігі, облыстық мәслихат,
облыстық Қоғамдық кеңес және облыстық ардагерлер кеңесі Рахымбай Исатайұлының отбасы мен ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді