Дүйсенбек Салымұлы Жамбыл аудандық «Шұғыла Радуга» газетінде ұзақ жыл тілші, бөлім меңгерушісі болып жемісті еңбек етті. Ауыл адамдарының және танымал адамдардың өмірінен бірнеше публицистикалық кітаптар жазды. Журналистер арасында өткен облыстық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан Журналистер одағы Құрмет грамотасының иегері, Жамбыл ауданының Құрметті ардагері болатын.
Дүйсенбек Орманов облыстық «Aq jol» газетінің де тұрақты авторларының бірі еді. Тәжірибелі журналист ауыл шаруашылығының, алыс ауылдардың мәселелерін көтеріп, сын мақалаларды да үлкен ізденіспен жазды. Өткір мақаласымен талайға ой салып, құзырлы мекемелердің оң шешім қабылдауына ықпал еткен. Дүйсенбек Салымұлы еңбекқорлығы арқасында құлашын кеңге жайып, өндіре жазды.
Соңғы демі таусылғанша қолынан қаламы түскен жоқ. Экономика, ауыл шаруашылығы саласын кең қамтып жазды. Жайлау, қыстау, күздеулерді аралап малшылар өмірінен мақала жазып, тыным таппайтын. Фотоэтюд, суреттемелері де газеттің ажарын ашып, салмағын көтеріп тұратын. Ақкөңіл, әңгімешіл, кең пейіл, жаны ізгі кісі еді. Марқұмның жаны жәннатта болып, пейіште нұры шалқысын! Дүйсенбек Ормановтың қазасына орай марқұмның отбасына, жұбайы мен қыздарына, ағайын-туыс, бауырларына қайғырып, көңіл айтамыз.
«AULIEATA-MEDIA» ЖШС және облыстық «Aq jol» газеті редакциясы.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




