«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Профилактикалық флешмоб

Профилактикалық флешмоб
Ашық дереккөз
Облыс орталығындағы «Жастар аллеясында» жазғы маусым қарсаңында өрт қауіпсіздігі және су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы халықтың білімін арттыруға бағытталған профилактикалық флешмоб өтті.

Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырған акцияға құтқарушылар, еріктілер, мектеп оқушылары және өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайтын қала тұрғындары қатысты.

Флешмоб барысында құтқарушылар интерактивті сабақтар өткізіп, ақпараттық парақшалар таратты, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәсілдерін көрсетті. Су айдындарында қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылып, қатысушыларға рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіптілігі мен су жағасында демалу кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді.

Профилактикалық іс-шара аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыстық филармония әншілері, республикалық Ұлттық ұлан оркестрі, сондай-ақ Тараз қаласының мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Мұндай акциялар тек алдын алу шарасы ғана емес, олар әсіресе жастар мен балалар арасында қауіпсіз жүріс тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Ұқсас жаңалықтар