
Соның ішінен Брест қамалының қорғанысында шайқасқан жерлесіміз Секералы Есжановтың анасына, әпкесіне жазған хаттарын оқысаңыз, көзіңізге жас алмай тұру мүмкін емес. Хат латын қарпімен жазылған. От ішінен келген әрбір хаттың жолдарынан соғыстың демі, ұрыс даласындағы қиыншылыққа толы күндер, солдаттың Жеңіске деген сенімділігі сезіледі.
Майдан шебінен жазылған үшбұрышты хаттар тылдағы жұрттың жігерін қайрап, бүкірейген белдерін жазуына септігін тигізгені күмәнсіз. Сонымен қатар «Сәлем саған майданнан, Қазақстан!» атты кітаптың ішінде сержант Тоқтарбек Дүрімбетовтың «Анама хат» атты өлеңіне тоқталып кетсек, ақын өлеңінде анасына деген махаббатын, анасының одан күткен үмітін ақтайтынын, қанша қиналса да, жауға тойтарыс жасап, Отаны үшін бәріне дайын екені айтылған.
Ананың балаға деген махаббаты шексіз. Баланың анасына, Отанына деген махаббаты биік.
Музей қорында Тоқтарбек Дүрімбетовтың майдан кезіндегі құжаттары, сарғайған Меншік иесі: «AULIEATA-MEDIA» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ суреттері сақталған.
«Біз бүгін тағылымға толы сабаққа қатысып, үлкен әсерге бөленіп отырмыз. Қазір біз атамыз бен апамыздың қасында бақытты күн кешіп жүрміз. Ол уақыттың балалары мұндай алаңсыз күн кеше алмаған. Соғыстан жазылған хаттарды тебіренбей оқу мүмкін емес», – дейді Меркі ауылындағы Темірбек Қожекеев атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Айжамал Өмірбекова.
Ата-бабасының өткеніне үңілмейтін адам болмайды. Біздің басты мақсатымыз – ата-бабамызбен келешек ұрпақ арасындағы сабақтастықты үзбей жалғап, олардың ерлігін, еліміздің тарихын насихаттау және ұлттың бірлігі мен мүддесін қорғай білетін жастар тәрбиелеу.
Альбина БАЙМАХАНОВА,
Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы
Ұқсас жаңалықтар
Жырларын халық жүрегіне жазып қалдырған
- 17 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді