«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қоршаған ортаны қорғау баршаға ортақ борыш

Қоршаған ортаны қорғау баршаға ортақ борыш
Автор
Табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз.

Сондықтан қастерлі міндетімізге салғырттықпен қарамайық. Қазақстан Республикасының орман кодексінің 4-бабының 6-тармағы және Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2025 жылғы 26 наурыздағы мемлекеттік орман қоры жерінде өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы №27 3-61 негізгі қаулы бұйрығын басшылыққа ала отырып, өрт қауіпі маусымы басталуына байланысты Байзақ ормандар қоры аумағына өрт бақылау бекеттері орнатылды. Орман қорына кіретін үлкен жолдар бойында кезекшілік үшін төрт (4) тексеру бекеттері бар.

Бірінші: Талас орманшылығында екі бекеттің бірі «Ақжар» бекеті, екіншісі «Сарыбарақ» өрт сөндіру бекеті. Екінші орманшылықта «Түлей» өрт сөндіру бекеті және «Есқара» өрт сөндіру бекеттері орналасқан. Барлық бекеттерде тұрақты кезекшілер құрылған. Бекеттерге МТЗ тракторлары соқаларымен және әр бекетте өрт болған жағдайда пайдаланатын 600 литр жанармай, 400 литр АИ-92 маркалы бензин қойылды. Жанармай қорлары сақталатын қойма ереже бойынша толықтай жабдықталған.

Орман қоры аумағындағы жер пайдаланушыларымен өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және өртпен күрес шараларын ұйымдастыруға техникалары, өрт сөндіру құрал-саймандары қойылған. Өздеріне бекітіліп берілген орман қоры жерлерін өрттен қорғауға ескертулер, нұсқаулар таратылып берілді. Ормандағы өрт сөндіру станциясына, құрылымына алынған «Жасақшылар» арнайы оқудан өтіп, сертификаттар берілді. Сынақ тапсырып, куәлік алынды. Қызметтік киім және басқа да жабдықтармен толық қамтылды.

Өртке қарсы көрнекті тақтайшалар толықтай жаңартылды. Мекеменің барлық орманшы қорықшылары қыстық және жаздық киімдер мен «Байкал» тапаншасымен толық қамтылған. Орманшы-қорықшылар өздеріне бекітіліп берген айналымдарын күндіз түні күзетуде және аға-орманшыға есебін беріп отырады. Орман қоры жеріне жақын орналасқан ауыл округтеріне, әкімдері мен шаруа қожалықтарына табиғат өртімен күрес шараларын бірлесіп жүргізуге шақырып отырамыз. Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Бауыржан Желеубаев пен өрт сөндіруші болып Есімхан Сиырбаев өз жұмысын тиянақты атқарады.

Орман қорықшысы ретінде өзіме бекітіліп берілген айналымдарды күндіз-түні күзетіп, қоршаған ортаны қорғауға аянбай атсалысып келеміз. Бұл кәсіби міндет қана емес, әрбіріміз үшін азам аттық парыз.

 

Беделбек ТАСБАУОВ

«Сарыбарақ» ауылының тұрғыны Орманшы-қорықшы.

Ұқсас жаңалықтар