Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған Жуалы өңірінің тауы мен тасы да талай сыр бүгіп жатқаны анық. Жан-жағын биік таулар қоршаған бұл аймаққа жолы түскен адамның ондағы батыр халықтың мінезі мен сыйластығын мәңгілік есінде сақтайтыны айтпаса да түсінікті. Өйткені, табиғаты қатал о...
Момыш бұлағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған жер. Ол Көлбастау мен Талапты ауылдарының орта тұсында, Орақ-балға аталатын ескі жұрттың батыс тұсында орналасқан. Бұлақ 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысан...