«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Рахымжан Мамралиев

Рахымжан Мамралиев
Автор
Ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері Рахымжан Мамралиев дүниеден өтті.

1925 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында шаруа отбасында өмірге келген. Ұлы Отан соғысына дейін Жамбыл ауылында жұмысшы болып еңбек етті.

1943 жылы қаңтар айында Жамбыл аудандық әскери комиссариатынан соғысқа аттанған.

1943-1944 жылдары Приморск өлкесін, Ворошилов қаласын азат етуге қатысты. Жапон соғысына қатысып, Манчжурияда болып, соғыс біткен соң 1951 жылға дейін Корея Республикасының Сеул қаласында болған.

1951 жылы қараша айында елге оралды. 1953-1962 жылдары Талас ауданы «Аққөл» колхозында есеп бөлімінің басшы қызметін атқарған. 1963-1966 жылдары Жамбыл ауданы, «Бірлесу Еңбек» колхозында есепші болып еңбек еткен. 1966-1971 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылында, 1971-1985 жылдары Свердлов (Байзақ) ауданы Фрунзе колхозында май зауытының бастығы болып жұмыс атқарған. 1985 жылы зейнетке шыққан.

«Еңбек Қызыл ту», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Победа над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 годы», «20, 30, 40, 50 лет Победы Великой Отечественной войне 1941 1945 годы», «Ветеран труда», «50, 60, 70 лет Вооруженных сил» медальдарымен марапатталған. Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, 19 немересі, 6 шөбересі бар. Ғасыр жасаған майдангердің жаны жәннатта, нұры пейіште шалқысын.

Алла алдынан жарылқасын.

 

облыс әкімдігі,

облыстық мәслихат, облыстық Қоғамдық кеңес,

облыстық ардагерлер кеңесі.

Ұқсас жаңалықтар