
Іс-шара Асқар Смағұлов орындаған «Ұлы дала» әнімен ашылып, жас оқырмандар Абай, Міржақып, Бауыржан, Жұбанның жалынды жырлары мен рухты сөздерін көпшілік назарына ұсынды. Кеш барысында облыстық мәслихаттың депутаты, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтай Райқұлов сөз сөйлеп, Мойынқұм аудандық кітапханаға бірнеше кітаптарды тарту етті.
Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы Нүргүл Оспанованың жалынды сөздері де көпшілікті толқытты. Мұнан соң мойынқұмдық кітапханашылар жиналған көпшілікті кітап көрмесімен таныстырды. Бұл көрме ауқымды және мазмұнды болуымен ерекшеленді. Мұнда аталған ауданнан шыққан барлық қалам иелерінің баршасы толық қамтылыпты. Тіпті, аталған ауданнан шығып, ел басқару ісінде және мемлекеттік қызметте болған белсенді азаматтардың да кітаптары назардан тыс қалмаған.
Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, кітапхана ардагері Гүлжаһан Рысқұлова да, белгілі журналист Жүрсінгүл Жақып та осы кештің құрметті қонағы болғанын айта кеткен жөн. Осылайша, Қ.Рысқұлбеков саябағы өздерінің жерлестері ұйымдастырған іс-шараның аясында думанға бөленіп жатты. Іс-шараны аталған кітапханалар жүйесінің директоры Ғалия Шубаева қорытындылап, барша қонақтарға алғысын білдірді.
Дәл осындай әсерлі іс-шараны Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Тараз қаласы Бауыржан Момышұлы «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залында, «Ауыл береке» базарында өткізді. Сонымен қатар, Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Руханият және тарихтану» орталығында да, «Жастар аллеясы» мен Тұрар Рысқұлов саябағында да әсерге толы іс-шаралар өтіп, кітаптың құндылығы дәріптелді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді