
Міне, кезінде ауданымызды басқарған осындай тұлғалардың бірі – Тұрсынхан Мүсірәлиев екеніне еш дау жоқ. Сонау өтпелі кезеңнен кейінгі қиын жылдары аудан тізгінін ұстаған Т.Мүсірәлиев өзінің ұйымдастырушылық пен адами Әділ азаматтарды халық әрдайым мақтан етеді қасиеттерімен ерекшеленді. Ол үнемі халықтың базынасын асықпай тыңдап, елге қажетті оң шешім шығаруға дайын тұратын. Осы қасиеттерімен жұрт жадында қалды да. Әлі есімде, ол кезде аудан халқы 80 мыңға жеткен. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жұмыссыздық пен экономикалық қиындықтарды әркім сезінді.
Ең бастысы, кенеттен бас ауырып, балтыр сыздаған кезде орталық ауруханаға дер кезінде жету де қиямет-қайымдай көрінетін. Себебі, медициналық жедел-жәрдем көліктері көп жағдайда жанармайдың жоқтығынан босқа қаңтарылып, науқас жандар жанына шипа іздеп, қалтасындағы соңғы қаражатын жұмсап, жалдамалы көлікпен әзер жететін. Міне, осындай қиын-қыстау кезде елдің аманатын арқалап, аудан әкімі Т.Мүсірәлиевке қайырылдым. Көп ұзамай ауданымыздағы жедел жәрдем көліктерінің мәселесі шешіліп, емге зәру жандар аудан әкіміне деген алғыстарын жаудырғаны есімде.
Аудан әкімі қызметінде болып, күні кеше қызметі ауысқан Жорабек Баубековке де елдің айтар ризашылығы көп. Бәрімізге белгілі, мал базары Т.Рысқұлов ауылына жақын маңға орналасты. Аудан тұрғындарының онда қатынауы қиынға соғатыны анық. Сондықтан, осы мәселені де аудан әкімі алдында көтергенім бар еді. Бұл да өз шешімін тауып, бұл күндері аталған ауыл, оның жанындағы мал базарына қатынайтын көлік тұрақты жүріп тұр.
Міне, жоғарыда аталған ел ағалары халыққа жақындықтарын іс жүзінде көрсетіп, олардың алғысына бөленген жандардың қатарында. Тәуелсіз еліміздің одан әрі өркендей түсуіне үлес қосқан азаматтарымыз әрқашан қошеметке ие болғанын қалаймын.
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ
еңбек ардагері.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
- 8 мамыр, 2025
Өмірі өткенге өнеге
- 6 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді