Өзінің 17 жылдан астам өмірін азаматтық қорғау саласына арнап, Жуалы ауданының тұрғындары мен әріптестерінің құрметіне ие болып келеді. 2007 жылдан бері №7 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқаратын азаматтық қорғау старшинасы Бағдат Тұрсымбекұлы білікті маман ретінде өрт сөндіру техникаларының тактикалық техникалық сипаттамаларын жетік меңгерген.
Техникаға жауапкершілікпен қарап, кез келген жағдайда оның ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп келеді. Әсіресе, оның қызмет бабындағы ерліктері мен құтқару операцияларына белсенді қатысып жүргенін айрықша атап өткен жөн. Қысқы дауылдар мен борандар кезінде ол табиғаты ерекше Жуалы ауданы жолдарында қар құрсауында қалған азаматтарға талай рет көмекке келген жан.
Сонымен қатар, өрт болған жағдайларда адамдарды эвакуациялау мен құтқару жұмыстарына белсене қатысып, батылдық, жеделдік және жоғары дайындық деңгейін танытып жүр. Бағдат Тұрысбеков – бұл кәсіби шеберліктің, Отанға және халыққа адал қызмет етудің айқын үлгісі. Ол үшін бұл жай ғана жұмыс емес, өмірлік ісі.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




