Мухамет Фурутдинұлы қызығы мен қиындығы бірдей бұл қызметке 2019 жылдың қыркүйегінде қабылданған. Содан бері өзін жауапты, тәртіпті және бастамашыл қызметкер ретінде көрсете білді. Оның қызметтегі маңызды серігі – Грета есімді бельгиялық овчарка тұқымдас қызметтік ит.
Мухамет Умаров көптеген құтқару операцияларына қатысып, ерлік пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Оның баға жетпес тәжірибесі қиын жағдайларда шешуші рөлді тек техника мен кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар адам бойындағы батылдық, жауапкершілік және шынайы көмек көрсетуге деген ниет атқаратынын дәлелдеді.
Кинолог маманының қызметі – бұл үнемі жаттығулар, физикалық дайындықты сақтау және кез келген уақытта шұғыл шақыртуға дайын болу. Мухамет болса өз кәсібіне деген адалдығымен бұл міндетті абыроймен атқарып келеді. Оның жұмысы өз ісіне деген махаббат, жауапкершілік және сенімді серігімен бірлесіп адамдардың өмірін құтқаруға болатынының жарқын үлгісі.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




