
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқаудың аудандық кезеңі ақпан айында өтіп, 8 ауданның үміткерлері облыстық кезеңге жолдама алған. Байқауға 10 үміткер қатысты.
Балаларды кітапқа қызықтырған сөз өнерінің сайысы «Ерке» өнер дамыту орталығының «Джаз» биімен ашылды. «Smart» өнер мектебінің оқушысы «Молдабайдың әнін» орындаса, Бауыржан Ақтаевтің «Алаш аманаты» атты «Талас домбырашылар» ансамблі күй тартып, KZ ELEMENT өнер орталығының «Ақ құс» триосы «Отан», «Ләйлім» әндерімен іс-шараның мәнін аша түсті.
Сайыстың барлық сындарынан сүрінбей өткен Шу ауданының оқушысы Әсел Нұржанқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ал, І орынды Байзақ ауданынан келген Арина Алыбаева, ІІ орынды Т.Рысқұлов ауданының балдырғаны Ясмина Балтабай, ІІІ орынды мойынқұмдық Жұлдыз Достай олжалады. Тағы бірқатар жас оқырмандарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Айта кетейік, бұл мерекені 1967 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңес» коммерциялық емес ұйымы бекіткен. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Мереке тарихта есімі қалған, ең танымал ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орайластырылған. Балалар әдебиеті – көркем әдебиеттің ауқымды саласы. Қазақ жазба әдебиеті қалыптасқаннан бері балалар әдебиеті – тілі, стилі, мазмұны мен құрылымы жағынан ұлт тарихындағы үлкен маңызға ие. Елімізде балаларға арналған 200-ден аса кітапхана бар.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды
- 28 мамыр, 2025
«Грейг қызғалдағын атау керек, атақты Ұлбикенің есімімен»
- 27 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді