«Сізден асып қайда барам?»
Сарыкемер ауылында әнші, асаба Әлмахан Исабаев тұрады. Айтқыштықпен талай аты шыққан кісі. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, баласы Жалғас та сөзге қара жаяу емес. Бірде әкесі жұмыстан келсе, Жалғас күмбірлетіп күй тартып отырса керек. Онысын әкесі жақтыра қоймай:
– Балам, күйден басқа бітірерің бар ма? Елдің балаларының спортпен аты шығып жүр, – деп, ұлының істеп жатқан ісіне көңілі толмапты. Сонда баласы Жалғас:
– Уа, әкешім, өзіңіздің де жұмысыңыз ән айтып, күй тарту. Сізден асып қайда барам? Алма ағашынан алыс түспейді. Оның үстіне атымды Жалғас деп қойыпсыз. Өзіңізге жалғасып келе жатыр емеспін бе? – деп әкесін уәжден жеңіпті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




