Бұл шамды Масаншы ауылының тұрғыны Ислам Дауров 2015 жылы аудандық өлкетану музейіне сыйға тартқан. Біз жәдігер иесіне де хабарластық. «Бұл шам менің атам Лочи Дауға тиесілі болған. Лочи Дау бұрынғы «Коминтерн» ұжымшарының алдыңғы қатарлы жұмысшысы болған. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. Ұжымшарда егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына өзінің үлкен үлесін қосқан. Оның қажырлы еңбегі ескеріліп, 1971 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Бұл шам тек жарық беру құралы ғана емес, өткен дәуірдің маңызды бөлшегі. Біздің әулет үшін де аса құнды жәдігер. Дегенмен, музейде тұруын жөн көрдік. Жас ұрпақ ата-баба өмірін зерделеп, осындай шам болғанын да түсініп, танып өскендері жөн», – дейді Ислам Дауров. Ал, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Абай Кенжебаев та көне жәдігерлерге құрметпен қарайды.
«Біздің ауданда «Музейге сый тарту» акциясы бар. Көптеген құнды жәдігерлер сол акция аясында тұрғындардан келіп жатыр. Оның ішінде аудан халқы үшін бағалы жәдігерлер де кездесіп жатқаны қуантады», – деді ол.
Қордай жерінде де тарихтан тамыр тартқан әр жәдігердің құны қандай жоғары екенін сезінетін азаматтардың көптігі шын қуантады.
Есет ДОСАЛЫ
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




