
– Жаңадан кәсіп бастау қарапайым адам үшін оңай шаруа емес. Өзім бұған дейін үй жағдайында кондитерлік өнімдерді тапсырыспен жасап келген едім. Өнімге деген сұраныстың артуы мені өз кондитерлік цехымды ашуыма себепкер болды. Ойға алған ісімді жүзеге асыру үшін «Пекарь» жеке кәсіпкерлігін аштым. Сөйтіп, мақсатыма жету үшін өңірдегі «Даму» қорына жүгініп, қордың көмегімен жеңілдетілген пайызбен несие алдым, – дейді Мария.
Кәсіпкер бизнесті нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруден бастағанын айтты. Ал, оған қазіргі уақыт талабына сәйкес, жоғары сұраныстағы және жоғары сападағы торттар мен десерттерді жасау үшін кәсіби техниканы сатып алу қажет болған. Оған қаржысы жетіңкіремеген жас кәсіпкер қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін несие алуға шешім қабылдайды.
Бұл Мария үшін тәуекелді қадам болса керек. Өз идеясын жүзеге асыруға бел байлаған ол әуелі өз бетінше екінші деңгейлі банктердің көмегіне жүгінеді. Олардың пайызы жоғары болғандықтан тауы шағылады. Бірақ, өз арманын жүзеге асыру ойынан айнымаған оның жолында «Даму» қоры тұр еді. Сөйтіп, өңірлік «Даму» қорының кепілдігімен және пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде несие алады. «Bereke Bank» акционерлік қоғамы арқылы төмен пайызбен алған несиеге ең алдымен цехқа қажетті құрал-жабдықтарды алып, ісін бастады.
Кәсіпкер осы несиенің арқасында ойға алған жобаны табысты іске асырып, қазіргі таңда өз бизнесін қарқынды дамытуда. Жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат өнім ассортиментін кеңейтуге, сапасын жақсартуға мүмкіндік берген. Оның «Настоящая Пекарня» сауда желісі арқылы өнімін нарыққа бағыттай алуы мен маркетингтік белсенділікті күшейтуі тапсырыс берушілерді көбірек тартуға жол ашты. Сондай-ақ, өнім және қаржы айналымды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жеке кәсіпкер бүгінде ішкі жаңа нарықтарға сеніммен шығып, саладағы өз позициясын нығайтуда.
Диас ҚҰЛИБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті журналистика факультетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Қақпа ашылып, қатынас жақсарды
- Бүгін, 06:06
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді