
Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде ақын, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жақсылық Сәтібековке арналған бұрыштың ашылғанына біраз жыл болған. Бұл бұрышта қаламгердің «Бозқараған», «Әнші дала», «Асқаровтың соты», «Боздақтар» кітабы қойылып, өмірбаяны туралы мәліметтер кеңінен қамтылған. Әр жылдары ақынды құттықтаған жеделхаттар, марапаттарының көшірмелері де сақталған. Сондай-ақ, барша қазақтың жүрегіне еніп кеткен «Қара кемпір» толғауының жазылу тарихы зерделенген мақалалар топтамасы да кездеседі. Шағын бұрыштан келушілер ақын жайлы көптеген мәліметтерді тауып ала алады. Музейдің ғылыми қызметкері Айнагүл Мамытбекова: «Аудан халқы үшін ақынға арналған осынау бұрыштың мәні терең. Музейге келушілердің көпшілігі аталған бұрышқа назар салмай өтпейді. Арнайы келетіндер, осы бұрыш материалдарынан мәлімет алып кететін мектеп мұғалімдері, шығармашылық адамдары, журналистер, оқушылар жеткілікті. Себебі, Жақсылық Жақыпбекұлы тек ауданымызға ғана емес, барша қазаққа ортақ дара тұлға. Біздің мақсат – жас ұрпақ бойына ақынның рухты жырларын дарытып, жасөспірімдерді ізгілік жолына тәрбиелеу», – дейді. Аталған аудандағы Н.Киікбаев орта мектебінің оқушысы Жанель Күрішбекова: «Музейге уақытым болғанда келіп тұрамын. Ақын Жақсылық Сәтібеков атаның бұрышы ерекше әсерлі. Менің замандастарым да бұл бұрыштан көптеген мәлімет және жақсы әсер алып қайтып жүр», – деп ағынан жарылды.
Жақында аталған музейге ақынның туған қарындасы Зина Жақыпбекқызы келді. Ол ағасына арналған бұрышты басқа да газеттермен, бірқатар мәліметтермен және кітаптарымен толықтырды.
– Жақсылық ағамның елімізге танымал ақын, белгілі тұлға болғанымен мақтанамын. Журналистика саласында да атқарған істері орасан. Астана мен Алматыда, Тараз қаласында ағамнан тәлім алған рухани шәкірттері аз емес. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде де ақын ағама арналған бұрыш бар. Жақсылықты іздегендер ол жаққа да жиі барады. Ағамның мұраларына адалдық танытып жүрген осы музей қызметкерлеріне де үлкен алғысымды білдіремін, – деді ол.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта алғаш мамандықтар атласы әзірленді
- 19 сәуір, 2025
Міндетті әлеуметтік төлемдердің мерзімінде берілуі бақылауда
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді