1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес әскерін енгізу туралы шешім шығарылады. Нақты айтсақ 1989 жылдың15 ақпанына дейін осы соғыс жүріп жатты. Шайқасқа КСРО мемлекеттерінен 22 269 жауынгер қатысып, өзінің интернационалдық міндетін атқарды. Олардың ішінде 924 сарбаз сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты. Қандай ауыр қасірет десеңізші...
Қазіргі таңда облыс аумағындағы Ауған соғысы ардагерлеріне көңіл бөлініп, қолдау мен көмектер беріліп тұрады. Ауған соғысы ардагерлерінің жесірлері де назардан тыс қалған емес.
Жақында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай ауған соғысының ардагерлерімен жиын өтті. Ол жиынға ел ертеңі саналатын студенттер де қатысты. Кездесуде Ауған ардагерлері сұрапыл жылдардан әсерлі естеліктер айтты. «Екі жыл бойы борышын өтеп, мерзімін аяқтап, қайтар жолда кенеттен ұрыс басталып, сол шайқаста көз жұмған достарымыз да болды», дейді олар.
Ауған соғысы ардагерлері жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді. Оның ішінде «Еліміз бойынша 10 мыңға жуық Ауған ардагерлері бар екен. Солармен байланыстарыңыз бар ма?» деп сұрады. Батырлар бұл сұрақтарға да толғана жауап берді.
Жиын соңында Ауған батырларына құрмет көрсетілді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




