
Іс-шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жаманбаев, мәдениет қайраткері П.Оспанов, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі А.Кабиева, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы «Аналар алқасының» төрайымы Ж. Сарыбекова, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары К.Абашова қазылық етті. Шара барысында жиналғандар соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Ұлы Жеңіс күнін кең көлемде дәріптеу, батырлардың өшпес ерлігін жадымызда жаңғырту мақсатында өткен өнер додасында орталықтың қызмет алушы ардагерлері соғыс жылдарында өмірге келген танымал әндерді шырқап, сахналық қойылым қойды. Орталықтың «Ғұмыр-дария» ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындалған «Ақ көгершін», «Бейбітшілік сақталады» әндері мен қызмет алушылар А.Смайлов, С.Қаржаубай, О.Алтаева, Г.Абдикаликова, Л.Необъявляющий, А.Искаков, И.Устеменколардың орындауындағы «Ана туралы баллада», «До свидания мальчики», «Отан», «Мұхиттың майданнан жазған хаты», «Батыр Бауыржан» сынды әндері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жалпы, байқау барысында тақырыпқа сай отызға жуық ән орындалды. Қызмет алушылардан құралған «Золотой возраст», «Интрига», «Галлактика», «Гармония» би топтары әскери киіммен «Тальяночка», «Катюша», «Фокстрот» билерін билеп шығу арқылы жиналған жұртқа сұрапыл жылдардың атмосферасын сезіндірді. Іс-шара соңында қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова байқаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, қариясы бар қазыналы орталыққа «өнер орталығы» деп баға берді. Айта кетейік, байқау жеңімпаздары алда қалалық деңгейде өтетін іс-шарада өнер көрсететін болады.
Салтанат ӘЛІМҚҰЛОВА,
«Белсенді ұзақ өмір» орталығының қазақ тілі нұсқаушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жан-жақты сауалға – салмақты жауа
- 10 маусым, 2025
Әскери кафедра - болашақ офицерлер ұстаханасы
- 10 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді