
Айтып келмес ажал мен сынаптай сырғыған уақыт шіркінге тұсау бар ма?.. Бүтін бір әулеттің тізгінін ұстап, жеті бірдей ұл-қызын жеткізуді өмірлік мұрат еткен «үлгілі әкенің» кейіпі көпшіліктің көз алдында қалары хақ. Тірісінде біртоға мінезі, қайсар болмысымен ағайынның алғысын арқалаған атпал азаматтың бақилық болғанына да бір жылға таяпты.
Мініп кеше келместің кемесіне,
Кетсең дағы есімің ел есінде.
Басқа түссе баспақшыл боп қаламыз,
Жұмыр пенде болған соң көнесің де.
Қара қылды қақ жарған сөзі анық,
Азамат ең атпалдай жүзі жарық.
Арман шексіз болғанмен, ойың орақ,
Өмір – ғаріп екен ғой, өмір – ғаріп...
Өртеді ме өңіңді ішкі күйік,
Қоштасып та кетпепсің бізді сүйіп.
Тау биіктей береді алыстасаң,
Сенің әке, әрдайым шыңың – биік!
Асқар тау азаматымыздың рухына бағыштап, 22 ақпан күні сағат 13.00-де Саудакент ауылы, «Саудакент» мейрамханасында жылдық асын таратамыз.
ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: бауырлары, жұбайы, ұл-қыздары
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді