Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- author «Ақ жол»
- 13 ақпан, 2025
- 2138

Семинардың мақсаты – атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің құндылығын, ғылымға қосқан үлесін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Семинар басталмас бұрын қатысушылар алпыс жыл бұрын ғалымның есімімен аталған кітапхана фойесіндегі «Шығыс әлемінің шолпаны» айстоппер көрмесінің алдында жиналып, көрмеде ұсынылған басылымдармен танысты.
Іс-шара барысында ZOOM жүйесі арқылы ғалымның туған жерінен байланысқа шыққан ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай облысының, Қостанай қаласының және Жітіқара ауданының Құрметті азаматы Ақылбек Шаяхмет Шоқан туралы тың деректермен бөлісті. Ал Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі ғалымнан қалған материалды және рухани жәдігерлерді аталған мекеменің ғылыми хатшысы Нәзима Оташева таныстырды.
Сонымен қатар Алматы қаласынан байланысқа шыққан Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, сарапшы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әуезхан Шашаев студенттерге институттың зерттеу бағытындағы жүзеге асырып отырған жобалары мен ғалым мұрасын зерттеудың тарихи маңызын ашып берді.
Тағылымдық мәні зор шара соңында қатысушылар арасында Шоқанның шығармашылық мұрасынан алынған «Шоқан Уалиханов – этнограф» тақырыбында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық болмысты ұлықтаған қаламгер
- 22 мамыр, 2025
Сәулетшілер қашанда қоғам сұранысында
- 22 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді