Іс-шараға өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еселі еңбек етіп келе жатқан «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалының «Аммофос-2» цехының абсорбация аппаратшысы Нұрбол Исанов, осы цехтың булану аппаратшысы Нұржан Ахметжанов қатысып, өз міндеттерін сапалы атқаруда жауапкершілікті терең сезініп, ауыл шаруашылығына арналған минералды тыңайтқыштар шығаратын цехтың жұмысымен жақынырақ таныстырды.
Сонымен бірге, кітапхана оқырмандары тарапынан қойылған еңбек жолындағы жетістіктері мен отбасы туралы да әңгімелеп берді.
Нұржан Мәлікұлы:
«Біз әрқашан өзімізге жүктелген жұмысты сапалы атқарып, жауапкершілікті сезінеміз. Қоғамның дамуы әрбір еңбек адамының белсенділігіне байланысты. Мемлекет басшысының еңбекшілерге назар аударуы қуантады. Біздің кәсіпорында әр жұмысшының өз жұмыстарын сапалы орындауы маңызды. Оны үнемі есімізде ұстаймыз. Сіздермен ой бөлісіп, ашық әңгімелесу мені үлкен әсерге бөлеп отыр», – деді.
Кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Жұмысшы – мерейлі мамандық» атты кітап көрмесіндегі қазіргі таңдағы сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына арналған әдебиеттермен кітапхана қызметкерлері жақынырақ таныстырды.
Аталған кітапхананың кітапханашысы Гүлнұр Нүрпейісова:
«Еңбек адамдарымен кездесу оқырмандарымыз үшін де қызықты болды. Көптеген көркем шығармалардың кейіпкері – еңбек адамдары. Сондықтан, мұндай кездесудің әсері мол», – дейді.
Іс-шара соңында кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева кеш қонақтарына алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




