Жұлдыз Асқарқызы – нәзік жүректі, сыршыл ақын. «Іңкәр-Ғазал», «Мен сенің көктеміңмін», «Сүйші» жыр жинақтарын оқырман қауымға ұсынып үлгерді.
Әр таңым сый, әр түсім сый, күнім сый,
Құдай мені бақытты ғып жаратқан,
Сен сыйлаймын деген қызыл гүлің сый,
Қырда өсіп жұпар иісін таратқан, – деген жалғыз шумағынан-ақ оның ақындық жоғары деңгейін, талғамы мен талантын тануға болады. Кешке жиналған көпшіліктің алдында да Жұлдыз өзінің әсерлі өлеңдерін оқып, елдің ыстық ықыласына бөленді. Мұнан соң ақынды кешімен құттықтап келген Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері Динара Диханбаева мен Жазира Сметова Жұлдыздың сөзіне жазылған Жандос Омаровтың «Құтты болсын» әнін шырқады. Мұнан соң Айгүл Мақашева өзінің «Әпке», Айнұр Атаниязова «Жақсылық жаса» әндерін орындады. Бұл әндердің сөзін жазған да – Жұлдыз Бейсек.
Кештің қызықты өтуіне орталықтың белсенді қызмет алушылары да үлес қосты. Атап айтқанда, Жұлдыздың «Бағала» атты өлеңін Марат Байдалиев, «Анамын мен» өлеңін Алтыншаш Биназарова оқып берсе, Орынкүл Алтаева әннен шашу шашты. Кеш барысында сазгерлер Әуесхан Салабековтың, Перизат Оспанованың әндері де орындалды. Өңірімізге танымал әншілер Торғын Орынбаева мен Құрмаш Маханов жиналған көпшілікті өнерлерімен тәнті етті.
Кешті қорытындылаған ақын Жұлдыз Бейсек: «Біздің облыста осындай жақсы орталық бар екеніне қуаныштымын. Мұнда шынымен ата-әжелеріміз өте белсенді. Сіздердің алдарыңызда өлеңмен сырымды бөліскеніме, сіздерден бата алғаныма қуаныштымын. Бұл біздің шығармашылық жолдың басы ғана. Алда бұйырса ұзақ жолдар тұр. Сол шығармашылық жолда сіздердің баталарыңыз күш-қуат береді деп ойлаймын. Сіздерге алғысым мен құрметім шексіз. Әр күндеріңіз жақсылыққа тола берсін», – деді.
Сондай-ақ, аталған орталықтың атынан ақынға құрмет көрсетілді. Бастысы, әдемі кеш көпшілікті тамаша әсерге бөледі.
Есет ДОСАЛЫ.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




