Сондай үлгілі, кейінгі толқынға берері мол азаматтың бірі – Сарысу ауданының тумасы Мұрат Сармолдаев. Мұрат Өтебайұлы ең алдымен қоғамшыл, халықшыл, әлеуметшіл азамат. Ол бірде-бір рет ел мүддесі, ұлт мақсаты, тіл тағдыры туралы мәселелерден тыс қалып көрген емес. Өзгелердей үнсіз қалып, өзгелердей өтірік көлгірсімей, пендешілікке бармай әр нәрсенің ақиқатын айтып отырады. Азамат ретінде, ұлт алдындағы перзенттік парызын адал атқарып келеді. Тәуелсіздік алған жыл ішінде Мұрат Өтебайұлының жүзге тарта мақаласы аудандық «Сарысу», облыстық «Aq jol», республикалық «Жас Алаш», «Egemen Qazaqstan», «Апта КЗ» секілді газеттерде жарияланды.
Қоғамда болып жатқан жағдайларды саралап «Халық сөзі» деген кітап жазды. Халықтың талап-тілегін, мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізе білді. Сонымен қатар, Мұрат Өтебайұлы өзінің туып-өскен Саудакент ауылының өсіп-өркендеуіне, көркеюіне өз үлесін қосып келе жатқан азамат. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, күні бүгінге дейін ауыл халқының арасында алтын көпір болып, талай өзекті мәселенің шешілуіне мән берді. Тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп жүрген көше жолдарын жөндеу, жарықтандыру, су құбырын жүргізу, балалардың ойын алаңшаларын салу секілді көптеген өзекті мәселелердің шешімін табуына атсалысуда. Ұзақ уақыттан бері қаузалған мәселенің шешімі табылғанына ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде. «Қарты бар ел қадірлі» дейді. Ел іші болған соң, дау-дамай, өкпе-реніш болмай тұрмайды. Үлкен істің басында ақыл-кеңес сұрап келген жандарға Мұрат Өтебайұлы көргені мен түйгенін айтып, ақыл-кеңесін аямайды.
Дау-дамай, дауласқан адамдар болса бітімге келтіріп, татуластыру жолын қарастырады. Шешімі табылмай жатқан түйіндерді тарқатып, әділ төрелігін айтады. Өмірден көргені, көңілге түйгені көп азамат елінің амандығын, тыныштығын тілейді. «Жаныңда жүр жақсы адам» деген қанатты сөз бар қазақта. Жүрекке жылы, шуақты әсер етеді. Жаныңда осындай жақсы адамдардың жүргені қандай ғанибет. Жаныңда Мұрат Өтебайұлы сияқты азамат жүргенде бітпейтін іс жоқ. Өзі салмақты, жұмысы жүйелі. Кіммен болсын жарқын, жайдары сөйлеседі. Ерекше, бөлекше адам. Кейде ондай қарапайым азаматтарды тиісті деңгейде бағалай алмай жатамыз. Мен Мұрат Сармолдаевты Сарысу ауданының Құрметті азаматы қатарынан көргім келеді. Бұл ұсыныс тиісті тараптан қолдау табады деп сенемін, оған бұл азамат әбден лайық деген ойдамын. «Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта» деген сөз осындай жандарға арналып айтылса керек.
Сейтбек СЕРДАЛИЕВ.
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Азаматтық бастамалардың әлеуеті зор
- 16 қаңтар, 2025
Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы – заңға бағыну
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді