Ол қызмет алушы ардагерлерге адамның қанша жасқа келсе де, сергек жүруге, ұзақ жасауға мүмкіндігі бар екенін, ол үшін тән мен жанның үйлесіміне әсер ететін жаттығуларды көп жасау керектігін ескертіп өтті. Оның айтуынша, мұндай жаттығу түрлерін жиі жасай білген кісінің денсаулығы жақсаруынан бөлек, би билеуге қанша жаста да икемі келіп тұратын көрінеді. Сондықтан, Ресей мемлекетінен арнайы келген мамандардың сабағы қызмет алушылардың көңілінен шықты. Шеберлік сабағынан кейін өзінің әсерін бөліскен қызмет алушы Баршагүл Баялиева:
«Бұл біздерге өте қажетті сабақ екенін сезіндік. Осы мекемеде ардагерлерден құрылған би ансамблі де бар. Оларға тіпті өте қажетті. Сондықтан, көршілес мемлекеттен келіп, тәжірибесімен бөлісіп жатқан білікті мамандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жылдың басы осындай жақсы іс-шарамен басталып жатыр. Алдағы уақытта да мәдени-әдеби, рухани іс-шаралар жиі өтеді деген ойдамыз. Шеберлік сабағы көңілімізден шықты», – дейді.
Ал, жаттықтырушы Сергей Мажутка болса:
«Тараз қаласына келіп, өмірге құштар жандармен тәжірибемізді бөлістік. Өте қызықты сабақ өтті деп ойлаймын. Біз талай қалаларда сабақ өтіп жүрміз. Тараздық қатысушылардың ынта-ықыласы ерекше екен. Біз сабағымызды ықыласпен тыңдаған, би ырғағына келетін жаттығуларды жақсы орындап шыққан кісілерге риза болдым», – деді.
Іс-шара соңында аталған орталық директоры Олжас Ақылбаев Ресей мемлекетінен келіп, тәжірибесімен бөліскен маманға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді