Аймақ басшысы Тараздағы қайта жаңғыртудан өткен көпқабатты үйлерді аралады
- author «Ақ жол»
- 5 қаңтар, 2025
- 631

Өңір басшысы Қарасу алқабындағы №4, 5, 10, 11, «Аса» (11) шағынауданындағы №11, 12, 19, 21, 23, 32 үйлерді аралап шықты. Көпқабатты үйлердің жертөлесіне түсіп, шатырына шығып, атқарылған жұмыстың сапасын тексерді.
Ербол Қарашөкеев басты талап – сапа мен мерзім кестесін сақталуын қатаң бақылау ұстау керектігін міндеттеп , тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстарын межелі уақытта аяқтауды, тұрғындардың пікірін ескеруді талап етті.
Айта кетейік, 2024 жылы Тараз қаласындағы 53 тұрғын үйді күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінде 40 көппәтерлі үйде құрылыс жұмыстары аяқталып, қалған он үшінде жалғасуда. Сондай-ақ қайтарым қаражат есебінен Төле би даңғылы №11, «Қаратау» шағын ауданында №37а, 39 үйлер және «Салтанат» шағын ауданында №29а, 29б үйлер күрделі жөндеуден өтті. Коммуналдық меншікте тұрған «Бәйтерек» шағын ауданындағы үш үйдің қасбеттері боялды.
Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесі 43%-дан 39%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен қаланың орталық көшелеріндегі 28 көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңарту жобасы қарастырылды. Өткен жылы Төле би даңғылының бойындағы 11 үйдің сырт келбеті мен шатыры жөнделді. Сондай-ақ Желтоқсан көшесіндегі №71 үй жөнделуде. Ал, биыл қалған 16 үйдің сәулеттік келбеті жаңартылып, қала көркін аша түседі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді