Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде сұранысқа ие өнімдер шығаратын жоғары технологиялық өндірістік кешен салуды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады. Жоба төрт кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде, шамамен 1100 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бұл халықты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізіп, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы инвестиция көлемі – 450 миллиард теңгені құрайды. Кездесу барысында болашақ өндірістің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеп, заманауи технологиялық шешімдерді қолданатын болады. Жоба шетелдік технологиялық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылып, бұл озық технологияларды енгізуге, өнім сапасын арттыруға және экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бос орынға конкурс жариялау туралы хабарландыру
- 7 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




