Шын мәнінде, тәрбие мен білім – егіз. Бұл ретте балабақшадағы тәрбиешілер заманға сай әдіс-тәсілдерді шебер меңгеріп, бүлдіршіндердің тілін дамыту мен оларға қызықты ойын үйрету мақсатында ұлттық ойындардан құралған түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастыруда. Мәселен, биыл Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №1 бөбекжай-бақшасының бастамасымен облыстағы мектепке дейінгі барлық мекемелерде «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында ауқымды іс-шара өтті. Оның аясында «Бескеней», «Үш асық», «Зерек», «Бес атар», «Қалашық» және «Бестемше» ойындары ұйымдастырылған. №1 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Күлшат Шаймбетованың айтуынша, ұлттық сипаттағы мұндай ойындар келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына және белсенді, шығармашыл болып жетілуіне оң әсерін тигізеді.
– Жаңа заман баласы – еліміздің ертеңгі болашағы. Бүлдіршіндерді қалыптастырып, оларды дамыту үшін ішкі дүниесіндегі қыр-сырын анықтап, өне бойындағы мүмкіншіліктері мен қабілетінің ашылуына жағдай жасау қажет. Біздің балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде қолайлы жағдай жасалған. Мұнда бүлдіршіндердің жеке басының қалыптасуы мен дамуына тәрбиешілердің түрлі технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Өйткені, қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауы, есте сақтау қабілеттері жоғары дамыған. Осы себепті, біз мектепке дейін үздіксіз білім берумен қатар ұлттық ойындар арқылы оларды тәрбиелеуге күш саламыз. Ұлттық тәрбие бойына сіңген ұрпақ білімді әрі тәрбиелі болып қана қоймай, мектепке баруға тас түйін дайын шәкірт болып шығады, – дейді Күлшат Шамадинқызы.
Айта кетейік, бұл күндері бір ғана «Бестемше» ойынына Тараз қаласы мен Жуалы, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов, Байзақ пен Жамбыл аудандарының бөбекжай- бақшаларының тәрбиеленушілері қатысқан. Нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданындағы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Бахыткүл Бекмолдаева алаңдағы «Бестемше» ойынында жеңімпаз деп танылса, жүлделі екінші орын тараздық Динара Салемоваға бұйырған. Ал, үздік үштікті байзақтық Эльмира Байдүйсенова түйіндеген. Ал, үстел үсті «Бестемше» ойынында тараздық Нұрайша Кананованың бағы жанды. Бұл сайыста жүлделі екінші және үшінші орынға сарысулық Ақнұр Әшірбаева мен құландық Әтіркүл Жұматаева жайғасты.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді