Театр ұжымымен кездесу сәтінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы Е.Жүнісбай жиналған қауымды Ақылдос Тәжиевтің Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры лауазымына тағайындалуы туралы бұйрықпен, қысқаша өмірбаянымен және өнер жолындағы жетістіктерімен таныстырып, жаңа қызметіне ақ жол, сәттілік тіледі.
А.Тәжиев, одан соң, өзіне зор сенім артып, осы ұжымның тізгінін сеніп тапсырған мәдениет басқармасы басшылары мен конкурстық комиссия мүшелеріне алғыс сезімін жеткізді. Өзіне жүктелген бар жауапкершілікті үлкен абыроймен атқаруға, сондай-ақ, басқарма басшылығы мен ұжымның білдіріп отырған сенімдерінің үдесінен шығуға бар күш-жігерін салып, аянбай, адал қызмет ететінін жеткізді.
Тәжиев Ақылдос Тілеубайұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Киелі тас ауылында 1978 жылы дүниеге келген.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін менеджмент және театр ұжымының жетекшісі мамандығы бойынша бітірген.
1999-2004 жылдары – Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер;
2004-2005 жылдары – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжінде «Актер шеберлігі» мамандығы бойынша оқытушы;
2005-2012 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің басшысы;
2012-2014 жылдары – Облыстық Халық Шығармашылығы орталығының директоры;
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры қызметін атқарып келді.
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді